Жамбыл облысында бапкер өз қаржысына спорт кешенін салды
Жамбыл облысында бапкер өз қаржысына шағын спорт кешенін салды. Бұған дейін жас спортшылар 5 шақырым жердегі ауылға жаяу барып жаттығатын. Талғат Тойшыбеков екі жыл бұрын спорт нысанының құрылысын бастаған. Артынша ауыл тұрғындары да жақсы істің жанынан табылып, қаржылай қолдау көрсетті. Қазір жаңа спорт залында 100-ге жуық жас палуан еркін күреспен тегін айналысады. Тойшыбековтың шәкірттері ел чемпиондары атанып, әлем біріншіліктерінде топ жарып жүр. Биыл Жуалы ауданында 3 спорт нысаны пайдалануға беріледі. Ал 2025 жылға дейін аудандағы барлық елді мекен спорт нысанымен қамтылады.