Шымкентте жамбы ату академиясы ашылады
Бұл туралы федерация президенті Еркебұлан Ілиясов хабарлады. Оның сөзінше, орталық спортшыларды барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етпек. Ал жамбы ату бойынша негізгі сайыстардың бірі 7-10 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында өтеді. Басты жүлде қоры - 600 мың теңге. Федерация мұнымен шектелмей, қыз-келіншектерге арналған бөлек шара ұйымдастырмақ.
Еркебұлан Ілиясов, Жамбы ату федерациясының президенті:
- Осы күнге дейін жамбы ату ерлер мен қыздар бірге қатысқан. Біз өзіміздің қыздарымызды ерекше бөліп, арнайы «Томирис» жүлдесін шығарып, жылына 1 рет сол Томиристі тек қана қыздарымызды сонда қатыстырып, мергендерді ішінен суырып шығарамыз.