Қызылордада этнос өкілдері ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Спорт жаңалықтары
Дәстүрлі садақ ату, асық ату және арқан тарту жарысына отызға жуық өрен қатысты. Олар 10, 15 және 25 метр қашықтықтан нысана көздеді. Жеңімпаздар бірнеше аталым бойынша марапатталды. 17 жастағы Вероника Русланова екі жылдан бері бірнеше аймақтық жарыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен. Бүгінгі сайыста да мергендігімен көзге түсті. «Дәстүрлі садақ ату» елімізде екі жылдан бері ресми спорт түрі саналады.
Вероника Русланова, студент:
-Негізі бұрыннан бері атып жүрген адаммын. Өте қызықты. Бұрын бұдан да көп ұпай жинағанмын. Мен үшін ол орташа. "Жастар рухына" жарысқа апарған еді. Ол жақтан біз екінші орын алып келгенбіз.