Хабар телеарнасы

Қонаев қаласында теннис орталығы ашылды. Спорт жаңалықтары

Президенттің ел өңірлерінде бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Қонаев қаласында теннис орталығы ашылды. Мұнда жастар үстел теннисі, үлкен теннис және бильярд спорты бойынша жаттығу жасап, түрлі жарыстарға дайындала алады. Дене тәрбиесі денсаулық кепілі дейміз. Алайда жергілікті тұрғындарға спортпен соның ішінде тенниспен күнделікті шұғылдануға мүмкіндік аз еді. Енді спорт жанашырларының қолдауымен салынған бұл кешенде тек қана жастар емес, ересектер де кез келген уақытта келіп өздерінің сүйікті спортымен шұғылдана алады.