Хабар телеарнасы

Қазақстандық нұсқаушылар халықаралық курстан өтті. Спорт жаңалықтары

Қазақстандық нұсқаушылар халықаралық курстан өтті. Спорт жаңалықтары

Астанада спорт саласының мамандары халықаралық стандарттарға сай алғашқы мединалық көмек көрсету курсынан өтті. Польшадан келген нұсқаушылар қатысушыларға 1 апта бойы қауіпсіздік және құтқару жұмыстары жөнінде практикалық сабақтар өткізіп, біліктіліктерін арттыруға көмектесті. Нәтижесінде қазақстандық кәсіби деңгейдегі 8 нұсқаушының алтауы бірнеше күндік сынақтан өтіп, халықаралық деңгейдегі лицензиясы бар маманға айналды. Енді олардың алдағы уақытта өзге отандастарымызға үйретуге мүмкіндігі бар.

Александр Скалий, халықаралық дәрежедегі нұсқаушы:
-Еуропа елдерінде әр 45 секунд сайын бір адам жүрек талмасынан қайтыс болады. Сондай кезде қасындағы азаматтардың осындай кішігірім медициналық білімі болса 80% дейін аман алып қалуға мүмкіндігі болады. Жер бетінде адам денсулығынан асқан маңызды ешнәрсе жоқ. Сондықтан мұндай курстарға бей-жай қарауға болмайды. Мен өзіммен бірген Польшадан 6 нұсқаушы әкелдім. Олар қазір курс қатысушыларына барынша үйретіп жатыр.