Хабар телеарнасы

Киокушинкай шеберлері Жетісу жерінде жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр

Қазақ каратэшілері, оның ішінде киокушинкай шеберлері, Жетісу жерінде жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр. Биыл олар үшін өте жауапты жыл. Тамыз айында каратэшілер Еуроазия чемпионатында бақ сынаса, қарашада кіл мықтылар қатысатын Жапония ашық біріншілігінде өнер көрсетеді. Дәл қазір каратэшілерге ресейлік қара белбеу 6 дан иегері Сергей Солдатов пен 3 дан иегері Александр Смирнов және Өзбекстандық білікті маман Сардорбек Негматуллаевтар семинар сабақтарын өткізуде. «Қауымдастық басшыларының айтуынша, спортшылардың шебергілін шыңдап, үлкен жарыстар қарсаңында дайындық деңгейін күшейту үшін мұндай халықаралық семинарлар ауадай қажет»,— дейді.

Өмірбек Алмағжанов, ҚР Каратэ World Kyokushin федерациясының президенті:
-Балалар өзіне өте пайдалы  тәжірибе алып жатыр. Алдымызда көптеген мақсаттарымыз бар. Көптеген жарыстарымыз бар. Соларға дайындық қазірден бастап болып жатыр.