V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 61 күн қалды
Астанада өтетін халықаралық жарысқа 90-ға жуық елден спортшы келеді. Түркиялық ойыншылардың дайындығы қызу. Олар 9 спорт түрі бойынша, атап айтқанда көкпар, аударыспақ, жамбы ату, ордо, мас-рестлинг, мангала, тоғызқұмалақ, асық ату, құсбегіліктен сынға түседі.
Абдухади Турус, дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басқарма мүшесі:
-Қазақстан біздің тамырлас еліміз. Біздің тіліміз, тарихымыз және мәдениетіміз ортақ. Оның ішінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды ерекше айтып өтуге болады. Соның дәлелі ретінде Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясымен Астанада өтетін шараға атсалысамыз. Біз 2022 жылғы тәжірибемізді Қазақстанмен бөлісіп жатырмыз. Қазақстандық әріптестерімізбен жиі бас қосып, дайындықтық барысын пысықтап келеміз. Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін.