Хабар телеарнасы

Қызылордада «Алтын белбеу» жарысы басталды

Қызылордада қазақ күресінен «Алтын белбеу» іріктеу жарысы өтіп жатыр. Боз кілемдегі бәсекеде 250-ге жуық спортшы бақ сынайды.

Сонымен қатар «Түйе палуан» сайысы да қатар өтеді. Белдесулер екі кұн бойы жалғасады. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай сыйлық алады. Ал түйе палуандар арасынан дара шыққан жеңімпаз «Сыр барысы» белбеуін, алтын тайтұяқ және 1 млн теңге сыйақыны иеленеді. Екінші және үшінші орын алған спортшыларға «Сыр арланы», «Сыр сұңқары» атағы беріледі. «Сыр барысы» атанған спортшылар «Қазақстан барысы», Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, «Әлем барасы» жарыстарына қатысуға мүмкіндік алады.

Ғалым Ержанов, Қазақ күресінен жоғары ұлттық санаттағы төреші:

- Үміткерлер көп, «Қазақстан барысы» Еламан Ерғалиев, Айбек Серікбаев, Нұрым Сәлімгереев, Мақсат Исағабылов деген. Осы балуандардың қайсысы мықты, сол палуандар шығады. Финалға шыққан балуандар іріктеу жарысынан өтіп, «Қазақстан барысына» шығады ғой.