Дзюдошылар әлем чемпионатынан олжалы оралды. Спорт жаңалықтары
Қазақстандық дзюдошылар шеберлер арасындағы әлем чемпионатынан олжалы оралды. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы татамиде біздің жігіттер 6 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлде жеңіп алды. 35 жастан асқандар арасындағы белдесуде Айдынбек Малкейұлы де көзге түсіп, үздік үшіктен көрінді. Қола медаль еншілеген шеберге шәкірттері мен әріптестері құрмет көрсетіп, сый-саяпат жасады. «Спорт пен бапкерлікті қатар алып жүрген Айдынбектің жеңісті жолы жастарға үлгі»,– дейді қызметтестері. Қазір ол елордадағы «Техникалық және көркем шығармашылық» орталығында педагог-жаттықтырушы болып еңбек етеді.
Айдынбек Малкейұлы, дзюдодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері:
-Биыл жылдағыдан қарағанда спортшылар көп болды. Мың жарымға дейін қатысушылар болды. Сондықтан жылдан жылға осы шеберлер арасында дамып келе жатыр. Бес кездесу өткіздім, француз балуанына ескертумен есе жібердім. Қалған төрт кездесуді таза жеңіп, үшінші орынға қол жеткіздім.
Кәсіпқой боксшы Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен кездесуден бас тартты.
Бұл жайында бокс маманы Майкл Бенсон әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, WBO Президенті Густаво Оливьери осындай ақпарат таратқан. Британиялық боксшы Жәнібектен жасқанатын көрінеді немесе Хамзаның басқа жоспары бар. Бұған дейін британиялық промоутер Френк Уоррен Шираз шаршы алаңға 22 ақпанда шығады деп мәлімдеген еді. Бірақ қарсыласы кім екенін айтпады.