Азиада-2025: Қоржынымызда 20 медаль. LIVE
Қоржынымызда 20 медаль. Оның төртеуі алтын. Қытайдың Харбин қаласында Қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық қыз-жігіт 20 мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Соңғы жарыс күнінің нәтижесі және жалпы отандық спортшылардың әлеуеті жайында сол жақта жүрген әріптесім Аслан Қаженов айтып берді.