Хабар телеарнасы

Өскемендік хоккейшілер республикалық спартакиадада топ жарды

Еліміздегі 6-шы Универсиаданың шымылдығын шайбалы хоккей шеберлері ашқан болатын. Өскемендегі Борис Александров атындағы мұз сарайында 5 команда өз ара шеберлік байқасып жеңімпаз анықталды. Құрамын Торпедо хоккейшілері құрайтын Шығыс Қазақстан құрамасы қатарынан 6-шы рет республикалық қысқы Спартакиада ойындарында топ жарды. Өскемендіктер 4 ойынның төртеуінде де ұпайдан шашау шығарған жоқ. Астана құрамасы 9 ұпаймен екінші сатыға жайғасса, Алматы 6 ұпаймен үштікті түйіндеді. Енді қанатты шаңғышылар мен фристайл шеберлері және шаңғышылар Алматыда үздіктерді анықтайды.