Сарбаз : соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында қаза тапқан сарбаз Әлібек Қалбайдың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Қазақ Армиясындағы ең бойшаң сарбаз Отан алдындағы борышын Ақтауда өтеп жатыр.
Әскери қызметкер мен бүлдіршіннің сәлемдескен суреті әлеуметтік желіде кең тарап, ел назарын аударды. Кейіннен көпті елжіреткен фото Шымкентте түсірілгені белгілі болды.
Жаңалықтар топтамасының бұл шығарылымында:
- Ақтаудағы сарбаз қаруды тазалау кезінде қаза тапты
- ШҚО-дағы Кіші Үлбі ауылдық округінің әкімі 11 жасар қызды өрттен құтқарды
- Арыс қаласында 5051 отбасы өз үйлеріне оралды
- Ливан мен Иорданиядан 1,5 мың тұрғын оралды
- Бразилияда 700 келі алтын ұрлағандар ұсталды
Жеңістің 70 жылдығына орай «Біз – Жеңіс ұрпағымыз!» атты республикалық шара елімізде жалғасын табуда. Мақсат – соғыс ардагерлерінің ерлігін кейінгі ұрпаққа жеткізу.
Жау әскерін көктен атқылап, Жеңісті жақындатқан жандардың бірі – Василий Пазыч қазір сол сұрапыл жылдарды мүлдем еске алғысы келмейді. Бүгінде Ақмола облысы Бурабай ауданының орталығында тұратын қарт сарбаз 90-ға таяды.