ШҚО-да мерзімді қызметтегі сарбаз көз жұмды
Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі растады.
Алдын ала ақпарат бойынша ол өзіне қол жұмсаған. 19 жастағы сарбаз Түркістан өңірінің тумасы. Зайсан бекетінде қызмет еткен. Қайғылы оқиғаға байланысты өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер мән-жайды анықтауда.