Қамбар Бекенов

Қамбар Бекенов
  • 6766
  • 14.05.2015, 14:30

Ұстаздар отбасында туылғандықтан жастайымнан білімге құштар болдым. Ата-әженің тағылымды тәрбиесін санаға сіңірген бойымда қазақы болмыс тұрақтаған. Әдебиетке әуеспін. Мектеп қабырғасында жүріп мектепішілік, қалалық, облыстық шығармалар байқауының жүлдегері болдым. Спортты да серік еттім. Егер қалам ұстап, журналист болмағанымда кәсіпкой футбол лигасында доп теуіп жүруім бек мүмкін еді. 1985 жылдың шілдесінде Сыр елінде дүниеге келдім. Қызылорда қаласындағы №1- мектеп-гимназиясын бітіргесін, 2002-2007 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде лингвистика мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолы өзім өндірістік тәжірибеден өткен Қазақстан-Қызылорда телеарнасы жаңалықтар қызметінде  редакторлықтан басталды. Ақпарат айдынында үздіксіз 5 жыл қызмет етіп, 2012 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ 24 kz телеарнасының Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болып ауыстым. Алаштың анасы деп айдар тағылған аймақтың тыныс-тірлігін айна-қатесіз ақпараттандыруға атсалысып келемін.