Ботагөз Базарбаева

Ботагөз Базарбаева
  • 6553
  • 20.12.2014, 14:48

Ботагөз Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ін тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі, кейін «Еуразия» институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

2 жыл мектепте мұғалім болып істеді. Жергілікті телеарнаның жаңалықтар бөлімінде бос жұмыс орны бар екенін білгеннен кейін өзін журналистика саласында сынап көруге бел буады. «Қазақстан-Орал» арнасында 10 жыл еңбек етіп, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап тәулік бойы хабар тарататын 24kz телеарнасына меншікті тілші ретінде қызметке алынды. 

Осы саладағы үздік мамандар деп Леонид Парфеновты, Владимир Познер мен Айгүл Мүкейді есептейді. Ботагөз тұрмыста, отбасында Әлия мен Әлихан есімді ұл-қызын тәрбиелеп келеді. Қызметтен қолы босаған сәтте отбасымен бірге болып, тәтті тағам дайындағанды қалайды, ал бос уақытында кітап оқу - оның ең сүйікті ісі. 

Сүйікті авторлары - Булгаков, Аверченко, Джек Лондон, Акунин және Гюго. Ашық-жарқын және ақылды адамдарды бағалайды, Il Divo  орындауындағы классиканы жаны сүйеді. Болашақта отбасымен бірге әлемді аралап, ғаламның ең әдемі тұстарын көруді армандайды.