1979 жылы 8 сәуірде Қостанай ауданының Заречный кентінде дүниеге келдім. Сол жерде орта мектепті аяқтап, Қостанай қаласындағы мәдениет колледжіне түстім. 1998-2000 жылдар аралығында әскери борышымды өтедім.
Одан оралған соң, облыстық телерадиокомпанияға оператор болып орналастым. 4 жылдан кейін «Қазақстан» ҰТК Қостанай облысы бойынша тілшілер қосынына ауыстым, ал 2013 жылдың шілде айынан бері «Хабар» Агенттігінің Қостанай облысы бойынша тілшілер қосынында жұмыс істеймін.