Райхан Тәжібаева

Райхан Тәжібаева
  • 6621
  • 10.12.2014, 15:11

Ата-анам - музыканттар, ал атам –әскери саланың адамы. Сондықтан да олар мені әнші немесе арнайы киімдегі әскери маман ретінде көргісі келді. 14 жылдық оқуға кеткен уақытымның нәтижесі 2 диплом болды. Музыкалық мектеп пен Н.В Гоголь атындағы пединституттың филология факультетін “өте жақсы” бағамен тамамдаған соң, мұғалім болу қолымнан келмеді. Есесіне бар өмірім журналистикамен астасып кетті. Басында, облыстық телеарналардың бірінде жүргізуші болдым, сосын сол жаңалықтарды өзім жасайтын деңгейге жеттім. Мен өзімнің “кішкене ғана киномның” ішіне мыңдаған адамның өмірін сыйдыра алғаныма қуанам. 

Қазір өмірімдегі басты оқиғалардың бірі -«24kz» арнасындағы қызметім. Мұндағы жұмыс күнінің басты жаңалығы жаңа ақпараттар мен фактілерден, тұлғалардың өмірінен басталады. Әрине үнемі жедел қимылдап, ақпаратты нақты бере білу оңай шаруа емес. Бірақ бұл әрекет маған және менің әріптестеріме өте ұнайды. Біз адамдарға көмектесуден, мереке күндері және күнделікті өмірде де кейіпкерлерге айналған тұлғалар жайлы айтудан жалықпаймыз. Біздің жаңалықтар Отанына бей-жай қарамайтын, үнемі болашақ үшін өмір сүретін жандарға арналған.