Хабар телеарнасы

«Хабар» Агенттігі 2025 жылға 1 қазан - 1 қараша аралығында жаңа телехикаяларға өтінімдер қабылдайды

Агенттік келесі телесериалдар жанрларын қарастырады:

- драма

- мелодрама

- комедия

 

Тематикалық бағыттар бойынша:

- Отбасы құндылықтары: ана мен бала, әке мен бала, жұбайлар институты;

- Дәстүрлер мәдениеттің дамуының негізі ретінде;

- Жұмысшы мамандықтары. Олардың мемлекет пен қоғамның дамуына қосқан үлесі;

- Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, буллингке және агрессияға қарсы күрес;

- Жастардың өмірде өз орнын табуы. Дұрыс мамандық таңдау;

- Зиянды әдеттерден және асырау сезімінен арылу, ысырапшылдықпен күрес;

- Есірткі заттарының саудасымен және таралуымен күрес;

- Лудоманиямен күрес;

- Ішкі туризм;

- Инклюзия;

- Патриотизм, білімге құштарлық, еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік.

- Заң мен тәртіпті сақтау, вандализммен күрес;

- Алдау және қаржылық пирамидаларға қарсы шаралар;

- Табиғатқа мұқият қарау;

- Мемлекеттік тілдің дамуы;

- IT технологиялардың дамуы.

 

Өтінімдерді astana@khabar.kz поштасына жіберу қажет.

Өтінімдер келесі құжаттар болған жағдайда қарастырылатынын ескертеміз:

1) ұсынылатын жобаның толық концепциясы (жобаның мақсаты мен міндеттері, жанры, хронометражы, мақсатты аудиториясы көрсетілген);

2) сценарлық жоспардың кеңейтілген синопсисі;

3) портфолио;

4) шығармашылық құрам туралы ақпарат (продюсер, режиссер, сценарист, актерлер құрамы, редакторлар);

5) тизер немесе телевизиялық материалдың пилоттық жобасы (бар болған жағдайда);

6) арнаны көрсетуі бар сүйемелдеу хаты.

Қызмет туралы ақпарат

«Хабар» Агенттігі» АҚ Көркемдік кеңесі:

- 2023 жылы 51 отырыс өткізіп, 356 мәселе қарады.

- 2024 жылы 12 маусымдағы жағдай бойынша 26 отырыс өткізіп, 223 мәселе қарады.

Тұрақты даму

«Хабар» Агенттігі» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қосылды

2023 жылдың 3 қазанында «Хабар» Агенттігі» АҚ БҰҰ Жаһандық шартына қосылды. Осылайша Агенттік бұл бастаманы қолдаған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз медиа-агенттік болып отыр.

Жаһандық шарт – бизнесті қоғамның, қоршаған ортаның және планета болашағының игілігі үшін түрлендіруге арналған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы бизнеске арналған БҰҰ-ның халықаралық бастамасы.

Ұйымға қосылу үшін БҰҰ Бас хатшысының атына ресми хат жолданды, оған сәйкес «Хабар» Агенттігі» АҚ адам құқықтарын сақтау және бизнесті, қатысу өңірлерін, қоғамды неғұрлым әділ, экологиялық таза, инклюзивті дамытуға жәрдемдесу бойынша өзіне алған міндеттемелерін жария етіп, мойындайды.

Қатысушы мәртебесі компанияныңЖаһандық шарт қағидаттарынқабылдап, өзінің бизнес-моделіне енгізетінін және өз қызметінде БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын басшылыққа алатынын, сондай-ақ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік есебінде прогресс туралы жыл сайынғы негізде есеп беріп отыратынын білдіреді.

БҰҰ-ның Жаһандық шарты компанияларға өз стратегиялары мен операцияларын адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және т.б. саладағы 10 негізгі қағидатқа сәйкес келтіре отырып, бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге көмектесетінін айта кетейік.Осылайша, ол қаржылық көрсеткіштерді арттыру үшін ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму қағидаттарын кеңінен қолданатын жаңа типтегі компаниялардыңтобына кіреді, бұл өз кезегінде ұзақ мерзімді перспективада компанияның құнын арттырады және оның қаржылық нәтижелерін жақсартады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық шартына қатысу қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік даму саласындағы саясат пен практиканы әзірлеу және іске асыру үшін бүкіл әлемде танылған тұжырымдамалық негіздерді пайдалану, жалпы проблемалардың практикалық шешімдерін табуға және оларға стратегиялық тәсілдерді әзірлеуге бағытталған неғұрлым табысты және жаңа әдістермен алмасу сияқты бірқатар практикалық артықшылықтар береді.

Анықтама үшін:

2000 жылдың шілдесінде басталған Жаһандық шарт тұрақты даму идеясын және бизнес ортадағы жауапты қатынастар практикасын ұстанатын компаниялардың қызметі үшін саяси платформа және практикалық негіз болып табылады.

Қазіргі таңда БҰҰ-ның Жаһандық шарты әлемнің 167 елінен 20 мыңнан астам жауапты компанияны біріктіреді. Орталық Азиядағы Жаһандық шарттың желісіне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 90-ға жуық қатысушы кіреді.

Аудиовизуалды туынды жасау жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ (әрі қарай - Қоғам) келесі тақырыптық бағыттар бойынша аудиовизуалды туынды (бейнероликтер) жасауға байқау жариялайды:

1. Экологиялық және қоғамдық мәдениет

2. Қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу)

3. Мемлекеттік рәміздерді дәріптеу

Әлеуетті Орындаушының кәсіби біліктілігі жоғары, телевизиялық бағдарламаларды өндірудің қыр-сыры мен ерекшеліктерін жетік білетін, фильмдер, сериалдар, телевизиялық бағдарламалар немесе түрлі жанрдағы бейнероликтер жасау, тұжырымдама дайындау, сценарий әзірлеу және түсірілім процесін басқаруда практикалық дағдылары болуы керек. Іріктеуге қатысу үшін әлеуетті орындаушылар өтінімдерді 2024 жылғы 1 мамырдан 15 мамырға дейін еркін нысанда мынадай құжаттарды astana@khabar.kz электрондық поштасына ұсынуы тиіс:

 

I кезең (2024 жылғы 1 - 15 мамыр аралығы):

1. Аудиовизуалды туындының идеясы; мақсаттары мен міндеттері; тілі; көлемі (шығарылымдар/сериялар саны); жанры; форматы; аудиовизуалды туындының графикалық кескінделуі (бар болса); жабдықтардың техникалық сипаттамалары қамтылған Тұжырымдама;

2. Аудиовизуалды туынды жасау құнының негіздемесі.

3. Әлеуетті Орындаушының шығармашылық тобы туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтер (түйіндеме, түсірілген аудиовизуалды туындылар туралы ақпарат);

 

II кезең. Өтінім мақұлданған жағдайда:

1. Нақты және заңды орналасқан жері, байланыс телефондары, e-mail, банк деректемелері көрсетілген құрылтайшылық құжаттарының көшірмелері, қосылған құн салығын төлеушіні есепке қою туралы куәлік;

2. Біліктілікті растайтын дипломдар мен олардың қосымшаларының көшірмелері және/немесе мамандардың жұмыс тәжірибесінің және/немесе Қоғаммен жұмыс тәжірибесінің болғандығын растайтын құжаттар (бар болса);

3. Аудиовизуалды туынды жобасын дайындау үшін әлеуетті Орындаушының материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құжаттардың көшірмелері (жүкқұжат, жалдау шарты және мүлікке меншік/иелік ету құқығын растайтын өзге де құжаттар);

4. Әлеуетті Орындаушының портфолиосы;

 

Егер:

1. өтінімдер байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен жағдайда;

2. әлеуетті Орындаушылар байқау талаптарына сай келмейтін құжаттар ұсынған жағдайда;

3. әлеуетті Орындаушылар дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берген жағдайда

құжаттар іріктеу комиссиясының қарауына қабылданбайды.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына нөмірге хабарласып біле аласыздар: +7 747 115 4851 (Пакизат Оналбай)

Аудиовизуалды туынды жасау жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру - Жүктеу

Подписаться на этот канал RSS