18:00Эфирде: Мегахит «Отель Мумбаи: Противостояние»
20:00Әрі қарай: «Хит жазамыз»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz
Жұма, 15 Қазан 2021 17:29

Халықаралық ынтымақтастық

Хабар» Агенттігі Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының (ABU) толық құқықты мүшесі және Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі болып табылады.

Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019 13:17

«Topjarǵan». II маусым

«Topjarǵan» – әлем бойынша жүзден аса жобаны жүзеге асырушы Armoza Formats (Израиль) компаниясына тиесілі жаңа әлемдік форматтағы музыкалық шоу.

Жобаның басты ерекшелігі – алғашқы эфирде ақтық мәреге дейін өзінің үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалу үшін сайысатын төрт мықты орындаушының белгілі болуы.

Әр бөлімде жаңа қатысушылар финалист атану үшін үздік төрттіктің біреуін жекпе-жекке шақырады.

Ақтық сында Сайыс жеңімпазы атағы үшін төрт финалист бір-бірімен жарысады.

 

Дүйсенбі, 16 Сәуір 2018 19:28

«Кім мықты?»

«Хабар» арнасы жуырда екі буын өкілдері сайысатын «Кім мықты?» бағдарламасын ұсынады. Тың жобаның мақсаты – көрерменге аға буын мен жастар арасындағы айырмашылықты, яғни олардың зияткерлігін, көзқарастарын, түсініктерін көрсету.

Бағдарлама арқылы көрермен өмірге басқа қырынан қарауға мүмкіндік алады, сондай-ақ кейінгі ұрпақ өкілдері классикаға, тарихқа, мәдениет пен дәстүрге тереңірек үңіледі. Ал аға буын керісінше, заманауи мәдениеттен, гаджет, жаңа технологиялар мен сәннен хабардар болып, қазіргі заман ағымынан еш қалыспайтындарын дәлелдейді.

Жоба туралы: Командалар арасында түрлі тақырыптағы логикалық тапсырмалардың шешімін табуға бағытталған интеллектуалды викторина.

Қатысушылар: Әр командада үш-үштен 16-25 және 45-65 жас аралығындағы буын өкілдері.

Жанры: Интеллектуалдық ойын-сауықтық бағдарлама.

Ұзақтығы: 30-40 минут.

Подписаться на этот канал RSS