Хабар телеарнасы

«Tüngı habar»

«Tüngı habar»

Жобаның басты мақсаты – «Хабар» телеарнасының көрерменіне көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Бағдарламаны елімізге белгілі «Өнер қырандары» театрының белді актерлары Мадияр Серікбаев және Жанболат Найзабеков жүргізеді.

«Таң түннен басталады! Түнде «Түнгі хабарды» көріп, таңды «Таңғы хабармен» бастаңыз!», - деді танымал әзілкештердің бірі Жанболат Найзабеков.

Әр бағдарламада белгілі бір тақырып талқыланады. Көзі қырағы көрермен тікелей эфирге қоңырау шалу арқылы немесе Instagram желісі арқылы тақырыпқа үн қосып, бағдарламаға қатыса алады.

«Tüngı habar» бағдарламасын әсем әуенмен әрлейтін музыкалық ансамбль жанды дауыста ән шырқайды. Жаңа бағдарламада көрерменді эксклюзивті сұхбаттар, үздік әзілдер мен жұлдызды қонақтар күтуде.