«Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы» ірі құрылымына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь пен Ресей мүше.
Алматы облысының Текелі қаласындағы лай көшкініне нөсер жауын ғана емес, құбырдың жарылуы да ықпал еткен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған Президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен Әмірліктер халқына көңіл айту үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне келді.
Елімізде трассалардағы жол белгілері жиі ұрланады. Көбіне қауіпсіздік үшін қойылған қоршаулар, жарыққа шағылысатын және ескерту белгілері қолды болады екен.
Конституциялық реформаның нәтижесінде мемлекетті басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады.
Республикалық референдумның маңызы мен ерекшелігі «Amanat» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық-қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.
Өткен жылы Ұлттық қордан 4,5 трлн теңге трансферт бөлінсе, биыл Үкімет тағы 4,6 трлн теңге сұрап отыр.
Еліміздегі Ticketon.kz билеттерді онлайн сату сервисіне 10 жыл толып отыр.
Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты.