+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«МАСКА» шоуы: екінші маусымның жеңімпазы белгілі болды

«МАСКА» шоуы: екінші маусымның жеңімпазы белгілі болды

«Хабар» телеарнасында танымал «Маска» жобасының екінші маусымы аяқталды.

Әтеш болып өнер көрсеткен әнші Серік Ибрагимов жеңіске жетті. Финалда ол М. Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бойжеткен» әнін орындап шықты.

Отандық телевизиядағы ең құпия шоуда ерекше образдағы 14 маска бақ сынап, өнер көрсетті. Финалға Үкі маскасында жасырынған Мөлдір Әуелбекова және Жарқанат образында ән шырқаған Қуандық Рахым шықты.

«Маска» музыкалық телешоуы  - The King of Mask Singer корей жобасының қазақстандық аналогы болып саналады.  Музыкалық жобаның бірінші маусымының жеңімпазы әнші әрі театр әртісі Ерден Жақсыбеков болды. 

«Маска» шоуының 2-маусымы 26 ақпан күні «Хабар» арнасынан көрерменге жол тартты. 2-маусымда қазылар алқасының құрамын Марат Оралғазин, Қайрат Әділгерей, Жанар Айжанова, Ерке Есмахан толықтырды. Ақтық сында қазылар алқасының қатарында белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов болды.

Жобаның финалын «Хабар» телеарнасының Youtube-тегі ресми аккаунтынан көруге болады. Айта кетерлігі, «Маска» шоуының соңғы шығарылымы Youtube видеохостингінің трендтері қатарында #31 орынға ілікті.

«Маска 2» шоуын келесі сілтеме арқылы тамашалауға болады:

https://www.youtube.com/watch?v=TY5vLQp_ZC0

Сондай-ақ...