Астаналық экономикалық форумы өз жұмысын бастады
Олар – әр саланың тұтқасын ұстаған әлемнің жетекші сарапшы мамандары.
Риат Шони, тілші:
- Таңсәріден Астаналық экономикалық форумы өтіп жатқан конгресс орталыққа келдік. Маңызды жиын өз жұмысын жаңа ғана бастады. Барлық қатысушы тіркеуден толық өтті. Шетте қалған ешкім жоқ. Басқосуда қаузалатын 11 өзекті тақырып таңдалып алынған. Оларды талқылауға алыс-жақын шетелден 5 мыңнан астам сарапшы маман арқа төріне ат басын бұрды. Ал дәл қазір панельдік пікірталас өтіп жатыр. Мұнда Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран елі арасындағы сауда әріптестікті одан әрі нығайту жайы талқылануда. Жиында тараптар уақытша келісімге қол қояды деп күтіледі. Бұл құжат Одақ пен Иран мемлекеті арасындағы сауда-саттық көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік бермек. Айта кету қажет, былтыр тауар айналымы 2,7 млрд АҚШ долларға жетті.