Астанада «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті
Астанада «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Онда зиялы қауым өкілдері мен сарапшылар жастарды тәрбиелеудің басым бағыттарын талқылады. Жиынға қатысқан Сенат төрағасы қазіргідей жаңа сын-қатер кезеңінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу және патриотизмді нығайту маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол идеологиялық жұмысқа басымдық берілетінін айтты. Бұл міндетті сапалы әрі кешенді іске асыруда, аға буынмен қатар сала мамандарына және креативті жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Президентіміз атап өткендей, әр азамат Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсетуі қажет. Бұл ретте өзгеге қол ұшын созу, белсенді азаматтық ұстаным, өз ортаңды жақсартуға ұмтылу Отаншылдықтың ажырамас эелементтері екенін атап өткен жөн. Патриотизмнің тағы бір шарты – тарихқа құрмет және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну.