«Өз үйім» телехикаясының түсірілімі аяқталуға жақын
Бұл телехикая Құдайбергеновтер отбасындағы қызықты жайттар мен қиындықтары туралы. Оқиға басты кейіпкерлердің үш ұлы мен келіндері арасында өрбиді. Ұлдарының жеке тұруына үнемі қарсы болатын отағасы Қанат Құдайбергенов шаңырағында әскери тәртіп болғанын қалайды.
Қанат Құдайбергенов, ҚР Еңбек сіңірген артисі:
– Сценаридегі кейбір сөздердің орнын ауыстыруға тура келеді. Содан кейін бізде таза актерлік тәжірибе болмағаннан кейін кейбір сценаларымыз жылдам түседі, кейбір сценаларымызды бірнеше дубльмен түсіріп жатамыз.
Әншілерді киноға түсіру өте қиын. Өйткені түсіру жұмыстары тоқтаусыз, кейде күні-түні жүруге тура келеді. Ал өнер адамдарының қолы бос бола бермейді екен. «Алайда камера алдында өздерін жақсы ұстайды», – дейді режиссер.
Әнуар Матжанов, «Өз үйім» телехикаясының режиссері:
– Арман Лондонда оқып келеді. Әуежайда сөмкесін ауыстырып алған шетелден келген қызбен. Ол қыз келеді, қазақша түсінбейді. Сонымен үйде үлкен қызық жағдай болады.
Телехикаяның экранға қашан шығатыны әзірге белгісіз. Бұл фильмнің бір ерекшелігі басты рөлдерді тек қана жұлдызды жұптар ойнайды. Және олардың өмірдегі шынайы тұрмыс-тіршілігі көрсетіледі.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев