Хабар телеарнасы

Қостанай облысында егін орағы кешеуілдеп жатыр

Толассыз жауған жаңбырдан астық піспей, септориоз, тат сынды өсімдік аурулары белең алды. Осы күнге дейін өңірде ауруға қарсы 820 мың гектарға химиялық өңдеу жүргізілген. Бірақ одан нәтиже шығарына шаруалар күмәнмен қарайды. Суға бөккен бидайдың өнімділігі де төмендап барады. Мамандар биыл Қостанай облысында 4 миллион 900 мың тонна көлемінде астық жиналады деп болжап отыр. Шамамен бір гектардан 11 центнерден өнім алынбақ. Бұл орташа көрсеткіш.

Кенже Жұмандықов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

-Көп алқаптар бізде әлі жасыл, көкшіл болып тұр. Олар кеш пісіп, осы себептен егін науқаны ұзарып кетуі мүмкін. Енді сапасына күмән бар. Өйткені мынау ылғал болғаннан кейін астықтың сапасы төмен болуы мүмкін.