Елде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар
Бүгін — дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Елімізде мұндай ұйымдардың қатары жылдан жылға көбейіп келеді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің дерегі бойынша елімізде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Қазір соның 78%, яғни 18 мыңнан астамы белсенді жұмыс істеп тұр. Қоғамдық ұйымдардың тең жартысы — Астана, Алматы, Шымкент пен Қарағанды қалаларында.
Соңғы үш жылда әлеуметтік жобалар үшін бюджеттен 59 млрд теңге бөлінген. Сарапшылар қоғамдық ұйымдардың жұмысын қатаң қадағалау керектігін айтады.
Нұргүл Ұлжекова, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының директоры:
-Мысалы, мүгедектігі бар адамдарға арналған семинарлар, иә. Оларды жұмыспен қамтамасыз етуге арналған семинарлар болса, олар семинар өткізді, ал енді олар әрі қарай жұмысқа кірді ме, кірген жоқ па немесе бірнеше айдан кейін оны тексеру керек. Қаншама семинар, тренингтер нәтижелі болғанын тексеру керек. Сондықтан осы жағынан КРІ жағынан мемлекет қадағалау керек.