Экономика және қаржы департаменті Жоспарлық-экономикалық бөлімінің жетекші маманы

  • 354
  • 24.04.2025, 11:09

Экономика және қаржы департаменті Жоспарлық-экономикалық бөлімінің жетекші маманы

 (уақытша)

Локация

Астана  қаласы, Кунаев  көшесі 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1) бюджеттік өтінімді, даму жоспары мен түзетулерді, қоғамның даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті қалыптастыруға қатысу; 
2) бюджеттің атқарылуы туралы тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есепті жасауға қатысу; 
3) ағымдағы күнтізбелік жылға арналған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын, сондай-ақ оның даму жоспарына және Қоғамның ағымдағы жылға арналған бюджетіне сәйкестігін талдауды жүзеге асыруға қатысу; 
4) Құрылымдық бөлімшелерге бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша әдіснамалық көмек көрсету; 
5) Коммерциялық қызмет бойынша және негізгі емес қызметтен түсетін кірістер мен шығыстарды талдауды және бақылауды уақтылы жүзеге асырады;
 6) басшылықтың сұрауы бойынша жетекшілік ететін шығындар баптарының кірістері мен шығыстары бойынша есепті уақтылы ұсыну; 
7) шығындардың жетекшілік ететін баптары бойынша талдау жүргізеді, қорытындылар мен түсіндірме жазбалар дайындау; 
8) бөлімшенің бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімімен бірлесіп шығындар баптары сыныптауышының сақталуын бақылау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру; 
9) басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, бөлімшенің құзыретіне кіретін бұйрықтарды, өкімдерді, ережелерді және басқа да материалдарды әзірлеуге қатысу; 
10) Қоғамның әкімшілік шығындарының техникалық-экономикалық нормативтерін (алаңдар нормалары, жанар-жағармай материалдары шығыстарының нормалары, жетекші киімдер, кеңсе тауарларының лимиттері, халықаралық, қалааралық байланысқа лимиттер), негізгі емес қызмет бойынша жалдау ақысының есебін уақтылы әзірлеу және бақылауды жүзеге асыру; 
11) Статистика жөніндегі уәкілетті органға белгіленген мерзімдерде статистикалық есептілікті дайындауды жүзеге асыру; 
12) Зкономика және Қаржы департаментінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша – меншіктің барлық нысандарындағы басқа мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен хат алмасу кезінде хаттар жобасын дайындауды жүзеге асыру.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) экономикалық, қаржылық немесе бухгалтерлік  білім.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

Экономика және жоспарлау саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Тілдері білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакеті:


- тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқыту;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ-ң HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.                                           

Дереккөз: https://khabar.kz/ru/agency/vakansii. Материалдарды кез-келген пайдалану www.khabar.kz сайтына гиперсілтеме болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.