«24KZ» телеарнасы Жаңалықтар бөлімінің шығарушы редакторы (уақытша)

  • 16
  • 04.12.2025, 15:02

«24KZ» телеарнасы Жаңалықтар бөлімінің шығарушы редакторы (уақытша)

Локация

Астана  қаласы, Қонаев  көшесі, 4

Жұмыс тәртібі

бес күндік

Жұмыс сипаты

бес күндік

Еңбек ақы

Әңгімелесу кезінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері

1)      бас редактордың келісімімен жаңалықтар шығарылымының беттеуін уақтылы және сапалы қалыптастырады және жаңалықтар шығарылымдары үшін материалдың уақтылы берілуін бақылайды;

2)      жаңалықтар шығарылымдарына арналған бейнематериалдың сапасын (мәтін, сюжет құру және т.б.) уақтылы және сапалы бақылайды;

3)      жаңалықтар шығарылымдары үшін ақпараттың шынайылығы мен дұрыстығын уақтылы және сапалы тексереді;

4)      қажет болған жағдайда мәтіндерді уақтылы және сапалы редакциялайды және таңғы, күндізгі және түнгі жаңалықтар шығарылымдарына сюжеттерді дыбыстайды;

5)      эфирге арналған материалдарды коммерциялық жарнамаға қатысты уақтылы бақылайды;

6)      сюжеттердің және жаңалықтар шығарылымдарына арналған материалдың хронометражын уақтылы бақылайды;

7)      «жүгіртпе жолдың», плашкалардың, анонстардың және жаңалықтар шығарылымдары субтитрлерінің дайындалуын және берілуін уақтылы әрі сапалы бақылайды;

8)      жаңалықтар шығарылымдарын дайындау және шығару барысында Телеарнаның Режиссерлік бөлімінің жұмысын бақылайды;

9)      жаналықтар шығарылымдарын эфирге шығару кезінде технологиялық қағидалардың ұстануын бақылайды;

10)  жаңалықтар шығарылымы үшін келіп түскен материалдардың шамадан тыс көп болуы жағдайында Бөлімнің бас редакторымен келісу арқылы сюжетті эфирден алып тастайды;

11)   қажет болған жағдайда жаңалықтар шығарылымының беттеуіне эфирге шығуға кемінде 5 минут қалғанда өзгерістер енгізеді;

12)  әр жаңалықтар шығарылымын Бөлім жүргізушілерімен уақтылы және сапалы пысықтайды;

13)   соңғы жаңалықтар блогының эфирге шығуы аяқталғаннан кейін келесі ауысым үшін ақпарат дайындауды жүзеге асырады;

14)  барлық ақаулар, технологиялық бұзушылықтар, сондай-ақ жауапты тұлғалар мен қызметтердің кінә дәрежесі жөнінде Бөлімнің бас редакторын және Телеарнаның шеф-редакторын уақтылы хабардар етеді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар

Білімге қойылатын біліктілік талаптары

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінің болғаны жөн.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары

БАҚ саласындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Тілдерді білу деңгейі

Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.

Компенсациялық пакет:


- ай сайынғы тұрақты еңбекақы;

- кәсіби өсу;

- компания есебінен оқу;

- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;

- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;

- корпоративтік іс-шаралар.

Пікір айту қағидалары.

Құрметті үміткер

Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.

Хаттың тақырыбында өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда «Хабар» Агенттігі» АҚ HR Департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.