Маркетинг және PR департаментінің Маркетинг және PR ілгерілету бөлімінің PR-менеджері (тұрақты)
Локация
Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4
Жұмыс тәртібі
бес күндік
Жұмыс сипаты
Еңбек ақы
Әңгімелесу кезінде
Негізгі лауазымдық міндеттері
1) Қоғамның телеарналарының оң имиджін қалыптастыру үшін PR-стратегияны әзірлейді және іске асырады;
2) пресс-релиздер дайындайды, баспасөз конференциялары мен іс-шараларды ұйымдастырады;
3) журналистермен және медиа өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды, бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі өкілдерімен қарым-қатынасты қолдайды;
4) дағдарыстық жағдайларды басқарады және дағдарысқа қарсы стратегияларды әзірлейді;
5) бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялауға арналған контент жасайды;
6) стратегиялық шешімдерді қолдау үшін нарықты, аудиторияны және бәсекелестерді зерттейді;
7) Қоғам телеарналарының күшті және әлсіз жақтарын бағалау үшін SWOT-талдау жүргізеді.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Білімге қойылатын біліктілік талаптары
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Қоғаммен байланыс саласында қосымша дайындықтың болғаны жөн.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын біліктілік талаптары
Маркетинг, PR, жарнама, медиажоспарлау, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Тілдері білу деңгейі
Қазақ, орыс тілдерін еркін білу.
Компенсациялық пакет:
- тұрақты еңбекақы;
- кәсіби өсу;
- компания есебінен оқыту;
- мемлекеттік және кәсіби мерекелерге сыйлықақылар;
- сауықтыруға біржолғы жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
- біржолғы төлемдер / материалдық көмек;
- корпоративтік іс-шаралар.
Пікір айту қағидалары.
Құрметті үміткер
Егер сіз бос жұмыс орнының сипаттамасында мәлімделген біліктілік талаптарына сәйкес болсаңыз, түйіндемені қабылдау: cv@khabar.kz.
Хаттың тақырыбында сіз өтініш білдірген бос орынның атын көрсетуді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз «Хабар» Агенттігі» АҚ HR департаментіне электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: cv@khabar.kz немесе телефон арқылы: +7 (7172) 757 495.