Тәшенев Бақытбек Хакімұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
1977 жылы туған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы(1999 ж.), «Инженер-экономист» мамандығы
Қазақ гуманитарлық заң университеті (2002 ж.), «Заңгер» мамандығы
Еңбек қызметі туралы мәліметтер:
1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші маманы;
2002-2004 жылдары Мемлекеттік қарыздарды және кредиттерді жоспарлау департаментініңМемлекеттік қарыздарды және кредиттерді талдау басқармасы басшысының орынбасары, бастығы;
2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары;
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары;
2008-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірқатар департаменттерін басқарды.
2013-2018 жылдары «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;
2018 жылғықазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;
2021 жылғы 7 маусымда «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Басқа лауазымдары:
«Проблемалық кредиттер қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2020 ж. 27.04.бастап)
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
«Құрмет» ордені (16.12.2021)
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.