Ойшыбаев Кемелбек Бақтығұлұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі
1977 жылы туған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары :
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(1998 ж), «Журналист» мамандығы
Қазақ гуманитарлық заң университеті(2004 ж), «Заңгер» мамандығы
Geneva Business School (Швейцария), MBA
Еңбек өтілі:
2000-2001 «Интерфакс-Қазақстан ақпарат агенттігі» ЖШС тілшісі;
2001-2007 Президенттің кеңесшісі, атқарушы директор – персоналды басқару департаментінің директоры, «Корпоративтік сату дирекциясы» филиалы бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ «Корпоративтік сату дирекциясы» филиалының бас директоры;
2007-2009 «TNS-Phus» ЖШС бас директоры;
2009-2011 «2 Day Telekom» ЖШС бас директоры;
2011-2014 «Altyntau Resources» АҚ басқарушы директоры;
2014-2015 «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының стратегиялық және коммерциялық қызмет бойынша; шаруашылық мәселелері бойынша; әкімшілік және коммерциялық қызмет бойынша орынбасары;
2015-2016 «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары;
07.2016-09.2016 «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директорының міндетін атқарушы;
09.2016-02.2017 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы;
2017-06.2019 «Smartway Systems» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы;
2019-2020 «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы;
2020-2022 Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі;
2023 ж. 09.бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы.
2023 жылғы 11 желтоқсанда «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры болып сайланды.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:
«Құрмет» ордені (16.12.2021)
«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.