ЛӘЗЗАТ ОЛЖАБАЙҚЫЗЫ ЖҮНІСОВА

ЛӘЗЗАТ ОЛЖАБАЙҚЫЗЫ ЖҮНІСОВА

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының
бірінші орынбасары

1971 жылы 21 ақпанда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: 1991 жылы Семей технологиялық институтын «Бухгалтерлік есеп және экономикалық қызметті талдау» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:1992-1996 жж. - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

Семей облыстық филиалының есепшісі

1996-1998 жж. - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

Семей облыстық филиалының бас есепшісі

1998-2002 жж. - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бастығы.

2002-2003 жж. - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

қаржы директоры

2003-2004 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ

Басқарма Төрағасының орынбасары

2004-2006 жж. - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ

Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

2009-2010 жж. - «Arna Media Production» ЖШС бас директорының орынбасары

06.2010-11.2010 жж. - «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры

2010-2012 жж. - «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры

2012-2018 жж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

2018-2022 жж. - «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры.

2022 жылдың 19 сәуірінде «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Экономика және қаржы департаментінің, коммерциялық департаменттің, техникалық дирекцияның, өндірісті қамтамасыз ету дирекциясының, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:

«Құрмет» ордені – 2024 ж.,

«Халық алғысы» медалі – 2020 ж.,

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі – 2020 ж.,

ҚР Президентінің Құрмет грамотасы – 2017 ж.,

«Ақпарат саласының үздігі» төс белгісі – 2016 ж.

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.