ЖАНАР ЯРХАНҚЫЗЫ ШЕРИЯЗДАНОВА

ЖАНАР ЯРХАНҚЫЗЫ ШЕРИЯЗДАНОВА

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

1972 жылы 18 қаңтарда туған.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: 

1994 жылы Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек өтілі:

1993-1995 жж. – «Фрегат» фирмасында бухгалтер, бас бухгалтер болып жұмыс істеді», Семей қ.;

1995-1996 жж. - Семей филиалының Халық банкі Операциялық бөлімінің операторы, Семей қ.;

1996-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет;

1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Ішкі жұмыс департаментінің жоспарлау-экономикалық бөлімінің бас маманы;

2000-2003 жж. - салық және қаржы полициясы органдарындағы қызмет;

2003-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ұйымдастыру-қаржы жұмысы департаменті директорының орынбасары;

2006-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыру-қаржы басқармасының бастығы;

2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржы және Мемлекеттік сатып алу департаменті бюджеттік жоспарлау және ТКК кәсіпорындарымен жұмыс басқармасының бас сарапшысы;

2010-2020 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі  Қаржы-қаражатты ішкі әкімшілендіру департаменті,  Жоспарлау және бухгалтерлік есеп департаменті директорының орынбасары;

2020-2025 жж. - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Экономика және қаржы департаментінің директоры;

06.2025 ж. – 01.2026 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Корпоративтік басқару департаментінің директоры;

2026 жылғы 19 қаңтардан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

болып тағайындалды. Экономика және қаржы департаментінің, Техникалық дирекциясының, Коммерциялық департаментінің, Өндірісті қамтамасыз ету дирекциясының, Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:

«Құрмет» Ордені - 2024 ж.,

«Ерен еңбегі үшін» медалі - 2017 ж.,

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі - 2021 ж.,

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне 30 жыл» төсбелгісі - 2024 ж.