Хабар телеарнасы
ЛӘЗЗАТ ОЛЖАБАЙҚЫЗЫ ЖҮНІСОВА

ЛӘЗЗАТ ОЛЖАБАЙҚЫЗЫ ЖҮНІСОВА

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

1971 жылы 21 ақпанда туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: 1991 жылы Семей технологиялық институтын «Бухгалтерлік есеп және экономикалық қызметті талдау» мамандығы бойынша, 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі:1992-1996 жж. - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

Семей облыстық филиалының есепшісі

1996-1998 жж. - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

Семей облыстық филиалының бас есепшісі

1998-2002 жж. - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бастығы.

2002-2003 жж. - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» ЖАҚ

қаржы директоры

2003-2004 жж. – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ

Басқарма Төрағасының орынбасары

2004-2006 жж. - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ

Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

2009-2010 жж. - «Arna Media Production» ЖШС бас директорының орынбасары

06.2010-11.2010 жж. - «Телевизиялық жаңалықтар агенттігі» ЖШС директоры

2010-2012 жж. - «Евразия+ОРТ» ЖШС бас директоры

2012-2018 жж. – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары

2018-2022 жж. - «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директоры.

2022 жылдың 19 сәуірінде «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Жоспарлық-қаржылық департаментінің, әкімшілік дирекцияның, тәуекел-менеджердің, техникалық дирекцияның, тарифтік саясаттың, сатып алудың, құжаттамалық қамтамасыз етудің, корпоративтік басқарудың, коммерциялық дирекцияның жұмысын қадағалайды және үйлестіреді.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:

«Құрмет» ордені – 2024 ж.,

«Халық алғысы» медалі – 2020 ж.,

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі – 2020 ж.,

ҚР Президентінің Құрмет грамотасы – 2017 ж.,

«Ақпарат саласының үздігі» төс белгісі – 2016 ж.

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.