Хабар телеарнасы
ДӘУЛЕТХАН ЖАНҚЫДЫРҰЛЫ ЖИЕНҚҰЛОВ

ДӘУЛЕТХАН ЖАНҚЫДЫРҰЛЫ ЖИЕНҚҰЛОВ

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

1975 жылы 22 қыркүйекте туған

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі: 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірді, Экономика ғылымдары мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек өтілі: 1997-1998 жж. – Алматы облысындағы республикалық «Заң» газетінің меншікті тілшісі.

2000-2001 жж. – «Алма-Медиа» ЖШС ақпараттық бағдарламаларының редакторы.

2001-2002 жж. – «КТК» ақпараттық бағдарламаларының редакторы.

2003-2003 жж. – «НТК» ақпараттық бағдарламалары редакциясының шығарушы редакторы.

2003-2003 жж. – «31 арнаның» журналисі.

2004-2005 жж. – «CaspioNET» телеарнасының редакторы.

2005-2006 жж. – «31 арна» телерадиокомпаниясы қазақ редакциясының тілшісі.

2006-2007 жж. – «Қазақстан» АҚ АСБД бас редакторы.

2007-2008 жж. – «Қазақстан» АҚ АСБД басшысы.

2008-2008 жж. – Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының редакторы.

2011-2013 жж. – «Нұр-Медиа» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы басшысының орынбасары.

2016-2016 жж. – «Қазконтент» АҚ «Bnews.kz» ақпараттық агенттігі қазақ редакциясының жауапты редакторы.

2016-2017 жж. – «Қазконтент» АҚ «Baq.kz» ақпараттық агенттігі бас редакторының орынбасары.

2017-2019 жж. – «Қазконтент» АҚ «Strategy2050.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы.

2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2022 жылғы 11 тамыздан «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. «El arna» телеарнасының, интернет жобалар дирекциясының, эфирлік саясат, дизайн және ТВ графика департаменттерінің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар:

«Ерен еңбегі үшін» медалі» - 2021 ж.,

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты – 2021 ж.,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Алғыс хаты - 2018 ж.,

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі – 2017 ж.,

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының, үлестес компаниялардың акциялары (қатысу үлестері) жоқ, сондай-ақ «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.