Ұлттық қауіпсіздік органдары күніне орай халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес тақырыбын арқау еткен «Жат ағым жетегінде» деректі фильмін көрермен назарына ұсынамыз. Туындыда қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін жат идеологиялардың зардабы мен оларға қарсы жүргізіліп жатқан күрестің маңызды қырлары баяндалады.