Хабар телеарнасы

«Достар серті» мюзиклі

Студенттік өмір – қызығы мен шыжығы мол жалынды шақ. Адам ғұмырының бұл кезеңінде маман болып, тұлға болып қалыптасады, сондай-ақ нағыз достарын табады.

«Достар серті» мюзиклі жан-жақтан келіп, бір арнаға түскен төрт жігіт жайлы. Болмыстары бөлек болғанына қарамастан, оларды өнерге деген махаббат, шынайы пейіл байланыстырады. Осылайша төртеуі жұптары жазылмас, сертке берік достарға айналады.  Бірге өмірдің алғашқы сынақтарынан өтіп, алғашқы сезімдерді өткереді.

«Академия солистов» мемлекеттік камерлық оркестрінің музыкалық сүймелдеуімен Т. Жүргенов атындағы «Big band» ансамблі әуезді әндермен, сан түрлі бимен, актерлік және акробатика өнерімен сіздерді тәнті етеді.