Лингвистикалық комиссия осындай қорытынды шығарды. «Үміткер берілген уақытты толық пайдаланғанымен, шығармада көп қате жіберді. «Абай жолы» романынан үзінді оқу кезінде мемлекеттік тілге шорқақтығы көрінді, баяндама тақырыбы да ашылмады», – деді лингвистикалық комиссия мүшелері.
Әділ Ахметов, лингвистикалық комиссияның мүшесі:
- Комиссия көп кеңесіп, талқылап осындай шешімге келді. Мәселен, шығармада бас-аяғы 13 сөйлем болса, содан 19 қате кетті. Сондықтан Президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген комиссияның қорытындысы шықты.