Президенттікке үміткер Дәния Еспаева дауыс берді

Президенттікке үміткер Дәния Еспаева дауыс берді
  • 2134
  • 09.06.2019, 12:17

Ол №66 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне сенімді өкілдері және туыстарымен бірге келді. Дауыс беріп болған соң журналистерге сайлау науқанының өту барысы туралы сұхбат берді.

Дәния Еспаева, ҚР Президенттігіне үміткер:

- Өзімнің штабыма, әріптестеріме үлкен алғысымды білдіремін. Бір айдың ішінде үгіт-насихат пен сайлау кампаниясын жүргізу өте қиындау. Бірақ бәрі дұрыс өтті деп ойлаймын. Мені қолдау үшін әріптестерім мен туыстарым келіп отыр. Сайлаудан менің үмітім – жеңіс.