Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

  • 1771
  • 24.12.2019, 18:33

Оған халқының игілігі жолында атқарып жатқан қызметіне сәттілік тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды. Ол еліміздің мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.