28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Aza tutu kuni
  • 4178
  • 27.12.2019, 12:05

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Айта кетейік, нөмірі 2100 рейсі таңғы сағат 07:04-те әуеге көтерілген. Артынан радардан жоғалған. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. «Оқыс жағдайдан 12 адам қаза тапты», – деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.