Қостанай облысында екі аптада мас күйінде көлік жүргізген 51 адам ұсталды

  • 1302
  • 30.01.2020, 11:05

Заңға пысқырмайтын пысықайлармен енді полиция қызметкерлері жүйелі түрде күреспек. Яғни алдағы 6 ай бойы тәртіп сақшылары жол бойына тәуліктік кезекшілік ұйымдастырады. Осы ретте айта кетейік, 1 ақпаннан бастап арнайы топтар жұмыс істейді.

Бекет Аймағамбетов, Қостанай облыстық Полиция департаментінің басшысы:

- Белгіленген уақыттан тыс мезгілде арақ сатуға жол бермеу керек. Кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сатуға қатысты кешенді шаралар қолға алынады. Алайда бірінші кезекте ішіп алып рөлге отыратындарды ауыздықтау міндеті тұр.