Синоптиктер алдағы күндері термометр көрсеткіші 10 градусқа дейін көтеріледі деген болжам айтып отыр. Сыр өзенінің Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы бөлігінде тіпті мұз қатпады. Тек Қазалы мен Аралда 5-20 см аралығында мұз ұстасқан. Сондай-ақ дарияда жырылып кету қаупі жоғары 56 учаске бар.
Саид Молдақараев, ТЖД бастығының орынбасары:
- Болуы мүмкін төтенше жағдайларға облыстың азаматтық қорғау күш-құралдары дайындық деңгейіне келтірілген. ТЖД жергілікті атқарушы органдардан күнделікті мониторинг жасап жатыр. Төтенше жағдай болса біздің қызметтердің бәрі дайын.