Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста бұрқасын, оңтүстікте найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарында жел 15-20, екпіні 25, күндіз кей жерлерде 30 м/с аса күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с аса күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20, таңертең және күндіз желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, тұман болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.