Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасының жаңа маусымында «Тұншыққан сезім» телехикаясын тамашалаңыздар

Солардың бірі – «Тұншыққан сезім» телехикаясы. Сюжеттік желісі шиеленіске толы туынды екі отбасының тағдырын баяндайды. Өмір жолдары тоғысқан жастар арқылы ата-аналардың бұрынғы сезімдері қайта тұтанады.

«Тұншыққан сезім» отбасылық драмасы басты кейіпкер Әлібек пен оның баласы Айбектің төңірегінде өрбиді. Арада 20 жыл өткенде Әлібек бір кездері жолдары түйіспеген ғашығын кездестіреді. Ал ұлы Айбек әкесінің бұрынғы махаббатының қызына ғашық болады.

Дулыға Ақмолда, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қоғамда орнын таппай жүрген, құмар ойынға түсіңкіреп кеткен, бизнес пен отбасы мәселелерін қамтитын рөл. Әрине, оңай болып жатқан жоқ. Рөлдің оңайы болмайды. Тәжірибемізге сүйеніп, әріптестермен, режиссерлермен ақылдаса отырып, жұмыс істеудеміз.

Телехикаяға түсетін актерлер қатаң іріктеуден өткен. Режиссер Санжар Омар кейіпкердің жан дүниесін аша алатын білікті мамандарға көбірек басымдық беріпті. Телехикая жас актерді де, кәсіби маманды да жаңа қырынан танытпақ.

Балтабай Сейітмамытұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Менің кейіпкерім – бизнестің адамы. Күшке басып жіберетін адам. Қазіргі заманда мұндай адамдар, яғни ақша үшін бір-бірін жеп, құртып жатқандар көп. Бұл кейіпкердің жастарға тәрбиелік мәні бар.

Телехикаяның түсірілім барысы төтенше жағдай уақытында өткен. «Барлық сақтық шарасын ұстанғандықтан, жұмыс тоқтаусыз жүрді», – дейді шығармашылық топ өкілдері. Жаңа туынды «Хабар» телеарнасының эфирінен күзде көрсетіледі.

Жауабы: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев