«Хабар» арнасы 26-27 желтоқсанда «Абай жолы» тарихи телехикаясын ұсынады
Яғни қаламгер Мұхтар Әуезовтің Абай туралы ізденісі, сол жолдағы кедергілері және Абайдың тартысқа толы өмірі естелік ретінде қатар беріледі.
Телехикаяның тағы бір ерекшелігі – сценарий жазушылары Абайды жеткізушілердің бірі Қайым Мұхамедхановтың образын экранға алып шыққан. Жалпы әр диалог, әр сахна белгілі бір тарихи шындыққа негізделген. «Хабар» телеарнасының туындысы 26-27 желтоқсан күндері сағат 15:00-де эфирге шығады.
Ұларбек Нұрғалымұлы, «Абай жолы» телехикаясы сценарийінің авторы:
– Абай, Әуезов – қазақтың қара сөздерінің қаймағы. Сол қаймақты қалай бұзып алмай жеткіземіз деген мәселе болды. Сол уақыттың тілін актерлер қалай жақсылап бойына сіңіріп бере ала ма деген дүние. Кесек қазыны жұта ала ма деген дүние? Соны сақтап беру, оны киноның тілінде беру, актердің айтылуына ыңғайлап беру секілді қиыншылықтар болды. Бәрінен шамамызша өттік.
Сәкен Жақсылықұлы, ҚР Өнер қайраткері:
– Мұхтар Әуезовтің рөлін сомдау маған бұйырған екен. Қуана-қуана қабыл алдым. Бірақ үлкен жүк екенін сездім. Бұл кісі туралы ешкім ешнәрсе түсірмеген. Аты-жөнін жатқа білеміз. Бірақ өмірін білмейміз. Жалпы «Абай жолы» қалай жазылды? Қандай қиындықпен жазылды? Бұл менің кинодағы алғашқы рөлім. Лайым соңғысы болмасын.