«Хабар» арнасының «Таңғы Хабар» бағдарламасы мұғалімдер арасында өткен байқауды қорытындылады
Жеңімпаз үш ұстаз «Таңғы Хабардың» студиясында марапатталды. Бірінші орынды Алматыдағы №140 мектеп-гимназиясының мұғалімі Сафура Темірбаева, екінші орынды елордалық Гүлнұр Бисембиева, ал үшінші орынды тараздық ұстаз Жадыра Шүкірбаева алды. Жалпы республикалық жарысқа 300-дей ұстаз қатысты. «Таңғы Хабардағы» байқау мұнымен тоқтамайды. Жоба жетекшілері енді медицина мен құқық қорғау саласының үздіктерін анықтамақ.
Сафура Темірбаева, Алматы қаласы №140 мектеп-гимназиясының мұғалімі:
- Ұстаздар мерекесі қарсаңында мен үшін тосын сый болды. Күллі республиканың ұстаздарын қамтып, осынау тамаша шығармашыл шараны ұйымдастырған «Таңғы Хабар» бағдарламасына шексіз алғысымды білдіремін. Тәнтімін. Әрқашанда ұстаздықты бағалап, биікке есімін өрлетіп, олардың рухани да дамуына қолдау көрсетіп, бағалы сыйлықтармен марапаттауының өзі біз үшін үлкен мәртебе.