«Хабар» Агенттігі мен M.S. Narikbaev atyndaĝy KAZGUU Universiteti практикалық журналистика бойынша бейнекурс шығарады
Бұл құжат осы жылы ашылған «Журналистика: аналитика және тергеу» атты жаңа бірегей мамандығының студенттеріне практикалық журналистикаға оқытуға мүмкіндік береді. Агенттіктің қолдауымен шығармашылық емтихандар нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған екі талапкер үшін тегін оқуға гранттар бөлінді.
Қазіргі уақытта ұйымдар «Жаңалықтар журналистикасы» және «Тергеу журналистикасы» пәндерін асинхронды оқытуға арналған курстарды құру бойынша жалпы жоба аясында жұмыс істеуде. Алдағы уақытта әзірленген контентті тек KAZGUU студенттері ғана емес, басқа да оқу орындарының студенттері де пайдалана алатын болады.
- Бірақ қазір біз тез өзгеретін уақытта өмір сүріп жатырмыз, онда жаңа мамандықтар пайда болады және олар жайдан жай ғана пайда болмайды. Көбінесе теория жас маманның бұл білімді қолдана алатындығына қарағанда тезірек ескіреді. Нағыз білімді сен жұмыста алатынынды тәжірибе көрсетті және бұл қашықтықты азайту қажет. Журфактың түлектері бірден кәсіби ортаға ену мүмкіндігіне ие болуы үшін Біз эксперимент жүргізуді ұйғардық және ол жақсы нәтиже береді деп үміттенемін, – деді «Хабар» Агенттігінің Төрағасы Ерлан Бекхожин.
Оқу сабақтарын өндіруге «Хабар 24» телеарнасының және «Хабар» телеарнасының «Журналистік тергеу бөлімінің» қызметкерлері жұмылдырылады. Олар: режиссерлер, сценаристер, редакторлар, продюсерлер.
- «Хабар» Агенттігімен меморандумға қол қою біздің университет үшін және отандық журналистика үшін маңызды оқиға болып табылады деп үміттенеміз. KAZGUU Қазақстанның басқа жоғары оқу орындары арасында көш бастап тұр, біз журналистика бағыты бойынша студенттерді оқытуды да осындай деңгейге жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деп KAZGUU Университетінің провосты Сергей Пен атап өтті.
Кездесуде тараптар бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мамандардың жетіспеушілігі, жарияланған материалдардағы фактологиялық талдаудың жетіспеушілігі аясында БАҚ-тағы әдептіліктің жеткіліксіз деңгейі және жаңа өршіл жобалармен жұмыс істеу жоспарларын талқылады.