Қазақстан мен БАӘ ақшаны жылыстатумен күресте ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері ақша жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қатысты күресті нығайтады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында белгілі болды.
Мұнда БАӘ-нен келген делегациямен кездесу өтті. Тараптар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және есірткі айналымына қарсы іс-қимыл мен заңсыз шығарылған капиталды қайтару мәселелерін талқылады. Сондай-ақ кездесуде ұлттық тәуекелдерді бағалау процестерін цифрландыру, виртуалды активтерді заңсыз пайдалануды анықтау әдістері туралы пікір алысты. Бұл саладағы қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейін арттыру жөнінде уағдаласты. Тараптар өзара іс-қимылды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.